Кішкентай адамдардың үлкен жеңістері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотымен К-нің талап қоюы бойынша жауапкер «Корпорация Казахмыс» ЖШС-ден денсаулығының зақымдалуына байланысты шығындарды өтеу бойынша міндеттерді жүктеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Жұмысты атқару барысында талапкерге шлак блогы құлады, содан оның омыртқасының бел бөлігі сынып,өндірістік жарақат алды. Оған 1-топтағы мүгедектiгі мерзiмсiз белгiленген және оқыс оқиғаның болуына 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі екендігі анықталған.

Аталған еңбектензақымданғаннан кейін мүгедектігі анықталған уақытынан және оның күтiм мен көмектiң қосымша түрлерiн қажет ететiнінен бастап,азаматша К. төлем жасау үшінүнемі жауапкерге шот-фактураларды ұсынып отырған. Шот-фактуралардыжөргектерді сататын дәріханалар берген. Ал жұмыс беруші сол есеп бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдер жасаған.

Алайда, 2017 жылдың ақпан айында, жауапкер дәрі-дәрмегін,гигиеналық құралдарды сатып алу, емдеу шығындарының өтеуі, тек медициналық және қаржы құжаттарымен расталған іс жүзінде жұмсалынған шығындар ғана өтелетінін негіздей отырып, 730 дана жөргекті алудан бас тартқан.

Сол себептенталапкер соттан барлық шығындарды жауапкердің қаражаты есебінен өтеуді міндеттеуді сұраған.

Сот талап арызды ішінара қанағаттандырды. Талапкер К.-ні  гигиеналық құралдармен, 730 дана жөргекпен бір жылға қамтамасыз етуді жауапкер «Корпорация Казахмыс» ЖШС-ін міндеттеді.

Шешімнің бұл бөлігін дереу орындауға жіберілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар