Кәмелет жасқа толмаған балалардың мүддесі үшін

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында білім бөлімі өкілдерінің қатысуымен «Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуы жөніндегі азаматтық істерді қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бала асырап алу бойынша қаралатын азаматтық істер санаттары бойынша туындайтын сурақтарды талқыға салды, себебі бала асырап алу өте маңызды институт болып табылады.
Бұдан басқа, төрағалық етуші судья М. Кушакова халықаралық шарттардың нормаларын, оның ішінде «Бала құқықтары жөніндегі» конвенция мен «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы» конвенцияны кең қолдану қажеттілігін атап кетті.

 

Қайнар: 
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі