Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Әзірбайжан азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігін (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтару) бұзғаны үшін айыпталған.
Сотта Әзірбайжан азаматы Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен келгендігі анықталды. И. есімді азамат Қазақстан Республикасының аумағына 06.05.2016 жыл - 05.06.2016 жыл аралығында Шахтинск қаласының ІІБ-да тіркелген.
Белгіленген уақытында Республика аймағынан кетпеген. Осы уақытта ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сот қаулысымен Әзірбайжан азаматы кінәлі деп танылып, бір тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Источник: 
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бапасөз қызметі