Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 б. 1 бөлімімен (бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) айыпталған Б.С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Б.С. жәбірленуші К-нің қыстағында жалданып жұмыс істеп жүріп, қасында ешкім жоқ екендігін пайдаланып, К-ға тиесілі биноклін ұрлаған. Ұрлаған затты алып Балхаш қаласына кетіп қалған.  Келген зиян 20 000 теңгені құрайды.

Бас сот талқылауында талаптар татуласып, жәбірленуші К. келген зиян толық өтелуіне байланысты, сотталушы Б.С.-ны қылмыстық жауаптылықтан босатып, істі қысқартуды ұсынды. Сот қаулысымен қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі