Медиация кабинеті ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотының төрағасы М. Қасымбеков кәсіпқой емес медиаторлармен кездесу өткізді.

Іс шараға Шабанбай би ауылдық округінің әкімі Қ. Рысбеков, Ақтоғай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Сатеков, , «Тоқырауын тынысы» газетінің тілшісі М. Әлімжанов, кәсіпқой емес медиаторлар М. Кәрімов, Ж. Сәрсенбеков қатысты.

Кездесу барысында қолданылатын татуластыру рәсімдері, дауларды медиация, партисипативтік рәсім тәртіптерімен шешу жөнінде сұрақтарға тоқталып, медиация қолдану аясын және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобындағы тұлғаларға пайдасы түсіндірілді.

Іс шараға қатысушылар өз пікірлерін айтып, туындаған сұрақтарды талқылап, оларды қаңдай жолымен шешуін тұжырымдады.

Соңында медиация институтын қалыптастыру мақсатында Шабанбай би ауылдық округінде медиация кабинеті ашылды.

Источник: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі