Мемлекет кірісіне 11 119 000 теңге өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ-нің талап арызымен қоршаған ортаға зиян келтіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот барысында ішінара тексерісті өткізгенде табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша бұзушылықтарының болғандығы анықталды. Жауапкердің мекен-жайына 11 119 000 теңге мөлшеріндегі зиянды өтеу туралы нұсқама жолданған. Жауапкер өз еркімен көрсетілген талапты орындамағандықтан уәкілетті орган сотқа жүгінген.

Сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі