Мемлекеттен арнайы көмек тағайындаудан бас тарту туралы шешім заңды деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында В-ның «Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы бойынша Әлеуметтік қорғау комитетінің еңбек департаменті және көші-қон, денсаулықты сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» РММ-не мемлекеттен арнайы көмек тағайындаудан №1  тізім байынша бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану, күшін жою және №1 тізім бойынша мемлекеттік арнайы көмекті тағайындау және оны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер В.  жер асты  тау-кен жұмыстарында қызмет атқарғанын және  № 1 тізіммен 1998 жылдың 1 қаңтарына дейің мемлекеттік арнайы көмек тағайындау үшін жеткілікті еңбек тәжірибесі бар екенін айтып талаптарын дәлелдеді.

Алайда, сот талқылау кезінде, сот талапкердің 20 жылдық еңбек тәжірибесі №1 тізіммен мемлекеттік арнайы көмек тағайындау үшін жеткіліксіз екенін анықтады. 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін еңбек тәжірибесі үшін әзірленген зейнетақы төлемдері, жеке зейнетақы жинақтарының негізінде, міндетті және кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұзеге асырылатынын анықтады.

Осыған байланысты, талапкердің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қазыбекбий ауданының №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар