Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет ауданыдық сотымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен қозғалған «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы маман А.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 465 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.

Маман А. «A.S.K.T» ЖШС-нің «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында тасуға карантиндік сертификат беруді» сұраған өтінішін 50 күнге кешіктіріп қараған, сонымен «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының» талаптарын бұзғаны  анықталған.

Сот қаулысымен маман А. 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 113 450 теңге соммасында әкімшілік айыппұл салынған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Источник: 
Шет аудандық соты баспасөз қызметі