Октябрь аудандық сотында «Мемлекеттік қызметкер күніне» орай семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Октябрь аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Хуанган Ербол сот мамандарымен «Мемлекеттік қызметкер күні» мерекесі қарсаңында семинар өткізді.

Өз сөзінде Ербол Хуанган мемлекеттік қызметкердің жұмысының маңыздылығы мен жауапкершілігін, оның мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар мемлекеттік кызметкердің имиджінің көтерілуін атап өтті.

Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңымен белгіленген, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулері бар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ерекшеліктеріне негізделген құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.

Іс-шара соңында мамандар кеңсе меңгерушісімен дайындалған баяндаманы мәлімет үшін алды.

Источник: 
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі