Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров аудандық сотымен талапкер Т-дің жауапкер В-ке қарыз соммасын өндіру туралы талап арызы оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде азаматтық іс қаралды.

Жауапкерге сот ұйғарымымен талапкердің берген талап арызына 2017 жылдың 1 маусымына дейін қарсылық білдіруге уақыт берілді. Алайда, жауапкермен белгіленген уақыт ішінде сотқа қарсылық келіп түспеді, соған байланысты, сот жеке-дара, тараптарды шақырмай, сотпен белгіленген уақыт өткеннен кейін оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде осы талапты қарады.

Сот іс материалдарымен танысып, талапты толық көлемде қанағаттандырды, жауапкер В-тен талапкердің пайдасына 88 800 теңге және сот шығындарын өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз қызметі