Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының Осакаров ауданың №2 аудандық сотымен «Агенство по работе с дебиторами» ЖШС талап арызы бойынша аз. К.-нан борышты өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Жауапкер 486 794 мың теңге мөлшерде банктік несие алуға шартты жасалды. Бірақ, жауапкер жоғарыда аталған келісімнің шаттарын орындамай, қарызын қайтарып берген жоқ. Талапкердің қарызды қайтару туралы бірнеше рет жасаған ұсыныстарына жауапкер еш түсініктеме беруден бас тартқан.

Іс судьямен АІЖК-нің 144, 145 б. 1 б. 1) т., 146 баптарының талаптарына сай жеңілдетілген өндіріс тәртібімен тараптарды сотқа шақыртусыз қаралып, жауапкерге талап арызға жазбаша түрде пікір білдіруге мерзім берілген. Аталған мерзім ішінде жауапкер аз. К-дан қарызын толық мойындайтыны туралы арыз түскен.

Сот шешімімен ЖШС «Агентство по работе с дебиторами» талап арызы толық қанағаттандырылған. Жауапкер аз. К-дан қарыз және мөлшерде сотқа мемелекеттік баж соммасын төлеуге жұмсалған шығындар өндірілген.

Источник: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі