Осакаров аудандық соты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамақа алу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров  аудандық соты, азамат Ш-ге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық, яғни, ортақ пайдалану орындарын ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi бұзу әрекеттер)  әкімшілік іс қарады.

Азамат Ш. Осакаров кентінің ІІБ-бөлімінің ғимаратының жанында қоғамдық орында темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге лақтырып жіберген, осы әрекетімен ортақ пайдалану орындарын ластап, ұсақ бұзақылып жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот қаулысымен азамат Ш. Кінәлі деп танылды. Оған бір тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз- қызметі