Рақымшылық бойынша жазадан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында ,Бұқар жырау ауданының №2 пробация қызметінің ,“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты рақымшылық туралы“ Қазақстан Республикасының заңының 2-бабы 3-б.1-т.негізінде, аз.Н.В.-ны, жазадан босату туралы ұсынымхаты қаралды.

Аз.Н.В. 2016 жылы 22 желтоқсанда, ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 2-б.,1,2,3-т.сәйкес 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған,осы мерзімге пробациялық бақылау анықталып,120 сағатқа мәжбүрлеп еңбек етуге тарту көзделген.

Бұқар жырау ауданының №2 ПҚ-нің өкілі сотталушының, оған қатысты рақымшылық актісінің қолдануына келісім білдірді, Аз Н.В орта дәрежелі қылмыс жасағаны үшін сотталған,оның жасаған қылмыстық құқықбұзушылығы рақымшылық актісімен қаралуға жатады.

Сот қаулысы бойынша, аз. Н.В. негізгі жазадан босатылды.

Қайнар: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз орталығы