Семинар кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу және сотқа жолдау мәселелері бойынша семинар кеңес өтті.

Семинар кеңеске Қарқаралы аудандық сотының төрағасы Қасымбеков М. З., аудан прокуроры Каржасов Т. Б., жергілікті полицияның басшысы, полиция подполковнигі Сыздыханов Н. О. және участкелік инспекторлар қатысты.

Отырыс барысында сот төрағасы Қасымбеков М. З. әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жинақтаған кезде материалдар толық көлемде толтырылмайтынын, көбінесе кодекстің баптарының диспозициясы дұрыс көрсетілмейтінін, жауапкершілікке тарту бойынша мәліметтер толық болмай, хаттамада болған құқық бұзушылыққа қатысты уақыты, орын алған жері, тағы басқа да кемшіліктер көп кездесетінін айтты және де әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға уәкілетті барлық мемлекеттік органдар өздерінің істерін «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдайтындарын атап өтті. Аталған сервис істердің қозғалысын қарап, олар бойынша шығарылған сот актілерімен танысуға мүмкіндік береді.

Аудан прокуроры Каржасов Т. Б. осындай кемшіліктерді болдырмау үшін 808 б. ҚР ӘҚБтК-нің талаптарын қатаң сақтап, құжаттарды толық жинақтау қажет екенін айтты.

Жергілікті полиция басшысы Сыздыханов Н. О. көтерілген мәселереді қатаң бақылауға алатынын  айтты.

Семинар кеңеске қатысушылар тақырыбы бойынша пікірлерін білдіре отырып, сұрақтар қойып, пікір таластырды. 

Источник: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі