Семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынында сот мамандарымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылдың 05 -15 маусымы аралығында өткізген кешенді тексеру қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою  туралы іс-шаралар жоспарын талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Назира Кашкеевамен баяндама жасалып, істердің сапалы әрі дұрыс рәсімделуіне,сот актілері орындауға, ал апелляциялық/жеке шағымдарды тараптарға уақытылы жолданылуына аса мән беру қажеттілігі аталып өтті. Сонымен қоса, жұмыс уақытында іскерлік стильді устану керектігі ескертілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша, семинарға қатысушылар ұсыныстарымен алмасып, қойылған барлық сауалдарға толық жауап берілді.

Источник: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі