Шет аудандық сотында сот актілерінің дұрыс рәсімделуін талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотында соттармен сот кеңсе мамандарының қатысуларымен «Сот актілерінің дұрыс рәсімделуі» тақырыбына семинар сабақ өтті.

Сот төрағасы Д.Қ.Бурабаев семинар сабаққа қатысушылардың назараны  мына жайттарға баса аударды, сот актілері мен хаттамаларды дер кезінде «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізіп отыруды және сот актілерін іс бойынша тараптарға уақытылы беруді, олардың дұрыс рәсімделуін жіті қарауды, сонымен қатар, Сот актілерін дұрыс рәсімдеу туралы Әдістемелік ұсыным талаптарын бұзбауды атап өтті.

Кеңсе меңгерушісі Л.Ж.Тойганбекова аудандық сотта сот актілері мен хаттамаларының енгізілу жағдайына ақпарат беріп, сот қызметкерлеріне заңда белгіленген талаптарды және өздеріне белгіленген қызметтік міндеттерін қатаң сақтауды ескертті.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар көтерілген мәселелерді талқылап, пікір алмасты.

Источник: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі