Шет аудандық сотында «Жемқорлық- індет, оны жеңу- міндет» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотында «Жемқорлық- індет, оны жеңу- міндет» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға аудандық судьялар, сот кеңсе мамандары, Шет ауданы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ММ-нің қызметкерлері және психолог аға лейтенант Макаримова М. қатысты.

Семинар барысында төраға Д.Қ.Бурабаев сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетіп, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді тежейтінін айтты. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл індет саяси даму тұрғысынан бір біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай қайсысын да қатты алаңдататыны айқындығын айтты.

Кеңсе меңгерушісі Тойганбекова Л.Ж. сот ғимаратына өткізу режимін күшейту, сот судьяларымен сот мамандарын қауіпсіздендіруін қамтамасыз етуге ғана бағытталған емес сонымен қатар жемқорлық құқықбұзушылықты болдырмауын ескерту шараларының бірі болып келетінін атап өтті.

Іс – шара сонында кеңсе меңгерушісі сот мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қатаң сақталуы тиіс екендігін атап өтті.

Источник: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі