Шет аудандық сотының төрағасы Дулат Бурабаев Батық және Дарья селолық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Ашық есік күн» іс шара барысында азаматтарға құқықтық көмек көрсету, сот жүйесіне деген азаматтардың сенімінің деңгейін көтеру үшін Шет аудандық сотымен Батық және Дарья селолық округтерінің тұрғындарымен кездесу өтті.

Сот төрағасының қабылдауына жалпы 8 адам келген, азаматтар өздерін мазалап жүрген төленбеген әкімшілік айыппұлға қатысты орындалуын кейінге қалдыру, кәмелетке жасы толмаған балаға борышкермен төленбей жүрген алиментке қатысты, зейнеткерлікке шығуға қатысты жұмыс орынынан анықтама ала-алмау туралы, қайтыс болған ата-анасынан қалған мұраны қабылдауға, тұрғын үйді сатып –алу мәмілесін жасауға байланысты сұрақтарына жауап алды.

Өткізілген шара қорытындысында келуші азаматтар кеңес алғандары үшін сот төрағасына алғысын білдірді.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі