«Сот актілерін дұрыс рәсімдеу» тақырыбында семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерін дұрыс рәсімдеу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағын сот төрағасы А.С.Ибраев аудандық сот судьяларының қатысуымен өткізді.

Өзінің баяндамасында төрағалық етуші, соттарда сот актісін рәсімдеу бойынша бірыңғай талаптарын енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен Қазақстан Республикасы соттарымен сот актісін рәсімдеу бойынша Әдістемелік ұсыныстар әзірленгендігін, осы ұсыныстарда көрсетілгендей, сот актісі айқын құрылымы, стилистикалық және грамматикалық дұрыс болу қажеттілігін, себебі сот актілерінің дұрыс баяндауы және рәсімдеуі судьяның кәсіби мәдениетінің жоғары деңгейін көрсететіндігін, сот талқылауының қатысушыларына және басқа тұлғаларға деген құрмет екендігін атап өтті.

Семинарға нәтижелері бойынша қатысушылар нақты мәселелер бойынша көзқарастары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі