«Сот бұйрығын шығару туралы өтініштердің электронды форматта қаралу тәртібі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот төрағасының тапсырмасын орындау мақсатында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Сот бұйрығын шығару туралы өтініштердің электронды форматта қаралу тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинар сабағын аудандық сот судьяларының қатысуымен сот төрағасы Алмаз Ибраев өткізді. Семинар барысында сот төрағасы аталмыш жаңалық арызды беру және тіркеу сатысынан заңды күшіне енген сот актісін орындауға жібергенге дейін электрондық сот ісін жүргізуді енгізуін көздейтінін атап өтті.

Семинар соңында сот төрағасы барлық судьяларға 100% электрондық форматта бұйрық арқылы іс жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі