Сот масаң күйде автокөлікті басқару үшін жүргізу құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының № 2 аудандық сотымен З. азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармақшасын бұзу үшін кінәлі деп танылған.

Құқықбұзушы 2017 жылы маусымның 17-де  «Бөрілі» КД аймағында Қызылорда – Павлодар тасжолында «ВАЗ-21065» маркалы автокөлікті масаң күйінде басқарған.

Сот мәжілісінде құқықбұзушы өз кінәсінді мойындады, автокөлікті масаң күйінде басқарғанын баяндады.

Сот әкімшілік жазасын 3 жылға автокөлік жүргізу құқығынан айыру түрінде қаулыны шығарылды.

Источник: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі