«Сот отырысында АБТ-ны қолдану» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаарқа аудандық сотында сот мамандарымен «Сот отырысында аудио бейне тіркеу жүйесін қолдану» атты тақырыпта семинарлық сабақ өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Касенова Г. Н. сот мамандарына сот отырыстарын аудио бейне тіркеу жүйесін міндетті түрде қолдану қажеттігін, сондай-ақ аудио, бейнежазбаларының көшірмелерін іске қатысушы тараптардың өтініші бойынша ұсыну тәртібі мен мерзімдері туралы түсіндірді.

Сондай-ақ, ережесі зерделенді. Іс-шара соңында кеңсе меңгерушісі сот мамандарымен сот отырысының барысын аудио- бейне жазбалары техникалық құралдарын қолдану ережелерін мүлтіксіз сақтау, аудио- бейне жазбаларын сақтау және жою, аудио-бейне жазбаларына қол жеткізу туралы айтып өтті.

Источник: 
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз қызметі