Сот транспорт құралын басқару құқығынан айырып және кінәліден материалдық шығын өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында , аз С.-ның А.-ға қатысты ,материалдық шығын өндіру,мемлекеттік баж салығын төлеуге байланысты шығындар ,қозғалатын мүлікті бағалауға байланысты шығындар ,пошта шығындарын,сонымен қатар моральдық шығын өндіру талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азамат А. мас күйінде «Ваз-21070» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, аз С-ның басқаруындағы «Audi-80»автокөлігімен соқтығысып, жол –көлік оқиғасын жасаған. ЖКО нәтижесінде оның автокөлігі материалдық шығын талап ететін, механикалық зақым алған.

Сот қаулысы бойынша ,аз .А.,ҚРӘҚБК-нің 608-бабының 2б.сәйкес әкімшілік құқықбұзушы деп танылды.Ол транспортт құралын төрт жылға дейін басқару құқығынан айыру туралы әкімшілік жазаға тартылды.

Сот шешімі бойынша ,материалдық шығындарды өтеу туралы талап арыз жартылай қанағаттандырылды.Жауапкерден талапкер пайдасына 305 404 теңге көлемінде материалдық шығын, қозғалатын мүлікті бағалауға байланысты шығын - 13 000 теңге ,пошта шығындары - 1 842 теңге,сонымен бірге мемлекеттік баж салығын төлеуге байланысты шығындар - 3 184 теңге өндіріп алынды.

Моральдық шығын өндіріп алуды қанағаттандырудан бас тартылды.

Қайнар: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз орталығы