Сәтбаев қалалық соты қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 2 тәулікке қамауға алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың мамыр айында әкімшілік құқық бұзғаны үшін   аз.К.-қа 30 тәулікке қорғау нұсқамасы қойылған. Алайда,  ол мас күйінде С. есімді өз анасымен жанжал шығарып  қайтадан құқық бұзушылық жасады.

Сәтбаев қалалық сотының қаулысымен аз. К ҚР ӘҚБтК-нің 461 (Қорғау нұсқамасын бұзу) бабымен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 2 тәулікке әкімшілік қамау жазасына тартылды, аз.К-ға алкогольдік өнімдерді қолдануға 3 айға тыйым салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы