Талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты ЖШС-тің талап арызын оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады.

Талап қоюшы азамат С.-тан үйді және ортақ мүлікті күтуге арналған шығындар бойынша қарызды өндіру туралы талаппен сотқа жүгінді. ортақ мүлікті күтуге арналған шығындардың мөлшері ортақ мүліктегі үй-жай иесінің үлесіне сәйкес пәтерлер иелерінің жиналысымен анықталған.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын-үй қарым-қатынастар туралы» Заңының 50-бабына, 35-бабының 2-тармағына сәйкес үй-жай иелері ортақ мүлікті және үйді күтуге арналған шығындарды төлеуге, бөлек (жеке) меншіктегі үй-жайды және ортақ мүлікті қауіпсіз пайдалануына және сақталуына жауаптылық артуға міндетті.

Сот шешімімен ЖШС-тің талаптары қанағаттандырылып, жауапкерден қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі