Тараптардың медиация рәсімі бойынша татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқарту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 1 бөлігі 188 бабы (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша сотқа берілген Сәтбаев қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аталған істі қарау барысында олар кәсіби медиаторға жүгінді. Нәтижесінде тараптар арасында медиация туралы келісім жасалған. Келісім шарттары бойынша жәбірленушінің өкілі қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішін білдірген, себебі келтірілген залал толығымен қайтарылды.

Сонымен қоса, сотталушы жәбірленушіден кешірім сұрады және қылмыстық істі қысқартуға келісті. Сот отырысында, медиация тәртібіндегі келісімі бекітілді.

Сот каулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы