Ұлытау аудандық сотының төрағасы С.Сағатов Шеңбер селолық округінде «Медиация» Заңын түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық сотының төрағасы Сәрсен Сағатов Медиация заңын түсіндіру мақсатында Шеңбер ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге село әкімі, село әкімдігінің мамандары, селолық округтың кәсіби емес медиаторлары және тұрығындары қатысты.

Қатысушыларға төраға Сәрсен Сағатов «Медиация» заңын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерде қолданылу принцпін түсіндіріп, әр түрлі дауларды тараптардың арасында кәсіби медиатордың, не болмаса кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиациялық келісім жасау арқылы реттеу мүмкіндігіне кеңінен тоқталды.

Сот төрағасы заңның қолданылу аясы, медиаторлар қызметі, медиаторларға қойылатын талаптар туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.

Источник: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі