Ұсақ бұзақылық үшін 3 тәулік әкімшілік қамақ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық соты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзкшылық туралы Кодексінің 434 бабының 2 бөлігімен (ұсақ бұзақылық) азамат Н.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Азмат Н. қоғамдық орында темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге лақтырып жіберген, осы әрекетімен ортақ пайдалану орындарын ластап, ұсақ бұзақылып жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот қаулысымен азамат Н. кінәлі деп танылды. Оған үш тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі