Ювеналдық сотының судьясы және сот қызметкерлері «Маруа Құлұшева атындағы балалар үйі» КММ-сіне барды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 маусым балалар күні қарсаңында Жезқазған қаласындағы «Маруа Құлұшева атындағы балалар үйі» КММ-сіне Қарағанды облысы бойынша кәселетке толмағандар істері жөніндегі №2 мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы мерекелік құттықтаумен барды.

Бұндай кездесулер бұрыннан дәстүрлі сипатқа ие. Мерекелік күндерде балалар ерекше концерттік номерлерін дайындап кездесулерді асыға күтуде болады.

Ювеналды соттың судьялары балаларға ең басты байлық денсаулық тіледі.

Соттың ұжымы өз тараптарынан балаларға сыйлықтарын тапсырып, әр түрлі тәттілерін сыйлады, ал балалар өздеріне қамқорлық танытып, көңіл аударғандырына ризашылықтарын білдіріп концерттік номерлерімен қуантты. 

Источник: 
Қарағанды облысы бойынша кәселетке толмағандар істері жөніндегі №2 мамандандырылған ауданаралық соты