Жай ғана теледидар қарап отырған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шахтинск қалалық сотымен Қылмыстық кодексінің 106 бабының 1 бөлімінде (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру туралы) көзделген қылмыс жасағанына айыпталған азаматша Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Е. тұрған үйінде өзінің танысы М.-мен бірге теледидар  көріп отырған. Бұл уақытта онын азаматтық күйеуі Т. үйіне келіп, пәтерде бөтен адамды көріп, жұбайымен ас бөлмесінде қарым-қатынастарын аңықтай бастап, балағат сөздер айта бастаған. Соншалықты қорланған әйел үстелден пышақты ала сала сол жарты кеудесіне соққан, осылайша денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.
Ер адам өзінің азаматтық жұбайын кешірді. Алайда, бұл оны қылмыстық жауаптылықтан құтқарған жоқ. Ол кінәлі деп танылды және оған үш жарым жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы пробациялық бақылау орнатумен тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі