Жазасын қауіптілігі төтенше ҚАЖ-де өтеуге кесілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында Д. ҚР ҚК-нің 191 б. 2 бөл. 2 тарм. бойынша (жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп тонау) мүлкін тәркіреумен, 4 жылға, жазасын қауіптілігі төтенше  қылмыстық-атқару жүйесінде өтеумен бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

2016 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында жұмыс істейтін және сол жердің тұрақты тұрғыны жәбірленуші В. Қарағанды қаласына К. есімді танысына қонаққа келген. Ол келген күні, және де келесі күні К-ға араларында Д. бар, таныс достары келген. Үстелде отыру барысында Д. жәбірленуші В-да ақша бар екенін байқап, жымқыру ойына келген. 05.12.2016 жылы Д. үйінің алдынан В-ны көріп қалып, ақша талап еткен, бермеген соң, оны ұрып-соға бастаған, алдымен қолымен бірнеше соққы беріп,  содан соң аяғымен денесінің әр жерінен тепкілеген, В-ның қалтасынан ұялы телефонын, ақшаларын алып шығып, азық-түлік салынған сөмкесін алып кеткен.

Қылмыстық іс екі рет кінәсін мойындау нысанындағы іс жүргізу келісімін бекітуге жолданғанымен, сотта Д. айғағын өзгертіп, келісімнен бас тартты. Істі жалпы ретте қарау барысында сот іс жүргізу келісімінде көрсетілгеннен де қатаңырақ  жаза түрін қолданды.

Источник: 
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі