Жезқазған қалалық ювеналдық соты әкелікті тану және алимент өндіру талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер аз. Н жауапкер аз. О-ға әкелікті тану және баланы асырап бағу үшін алимент өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Сот отырысы барысында жауапкердің балаға қатысты әкіліктігін анықтау үшін молекулярлы-генетикалық сараптама тағайындалды.

Сарапшының қорытындысы бойынша жауапкердің балаға қатысты әкелігі дәлелденбеді, яғни жауапкер балаға ақиқатты әке болуы расталмады.

Сот шешімімен әкелікті тану және баланы асырап бағу үшін алимент өндіру туралы талап арызы қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі