Жезқазған қаласы ювеналдық сотында әйел құқығы мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Гендірлік саясаты» әйел құқығының кепілі тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Осы өзекті сұрақтарды талқылауға Қарағанды облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынының төрағасы Т.М.Шакипов, Жезқазған қаласының «Томирис» ашық бірлестігінің өкілі В.Н. Предеинс, Жезқазған-Сатбаев қалаларының «Нұр-Парасат» ашық бірлестігінің өкілі К.Т. Касымова,  Қорғаншы және қамқоршы органының функциясын іске асырушы «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ өкілі Г.С. Сейтжанова және Жезқазған қаласының «Сарыарқа» және «Мысты өңір» газетінің БАҚ өкілдері қатысты.

«Гендерлік саясат  - қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет» екенін Талгат Шакипов атап өтті. Қәзіргі уақытта әйелдер мен отбасы мәселелерімен айналысатын мемлекеттік емес ұйымдар саны өсуде. Нақты осы ұйымдар әйелдер мен отбасы құқықтары мен бостандықтарын қорғауда бастамшылық көрсету қажет айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар гендер саясатының өзектілігі мен қажеттілігін тілге тиек ете отырып, гендерлік теңдіктің мәселесі оң нәтижесін бергенімен, бүгінгі күні өзекті мәселе болып отырғанын атап өтті.

Источник: 
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі