Жезқазған қаласының ювеналдық сотында институтты дамыту талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Медиация – дауларды шешудің баламалы (альтернативті) тәсілі» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.

Медиацияны дамыту туралы талқылауда ювеналдық сотының төрағасы Т.М. Шакипов, судьялар, кәсіби медиатор Ж.А. Есмурзина, «Жезқазған қалалық білім бөлімі» ММ-нің қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілі Қ.Ж.Мушенованың, Жезқазған қаласының әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің өкілі А.Жумагуловтың және БАҚ өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» басында қатысушылармен талқылау барысында сот медиациясының тиімділігі мен оңтайлылығын кең насихаттау туралы сөз болды.

Сот төрағасы Т.Шакипов өз сөзінде, 2011 жылы енгізілген «Медияция туралы» заңын атап өтті, медиатор мәртебесін, қағидасын және медиация жүргізу рәсімдерін айқындалуын, сонымен қатар, қоғамдық қатынастардың медиация арқылы шешілуі туралы айтылды, жәнеде медиатор арқылы келісімге келген жағдайларда, екі жақтыңда мүдделері қорғалатынын атап көрсетті.

Оған қоса, сот төрағасы Т.Шакипов медиацияның әлем бойынша даудың келісіммен шешілуінің баламалы формасы деп көрсетіп, соттарда қызыл даудың туындауынан, уақыт пен ақшаның босқа кетуінен сақтап қалудың жолы екендігін айтты. Медиация адамгершіліктің, қызметтік және серіктестіктің, абырой мен сыйластық қатынастарды сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар медиацияны насихаттаудың қажеттілігін көрсетіп, туындаған мәселелерде дауды үшінші бейтарап жақ – медиатор арқылы шешілуіне мүмкіндік берілетінін қолдады. Сондай-ақ сотқа дейін жеткізбей, дауды келісіммен шешілуін қамтамасыз ету үшін, халыққа оңтайлы құқықтық жағдайларды құрауды бір ауыздан қолдады.

Источник: 
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі