Ақтоғай аудандық сотының төрағасы тоғыз айдың жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына аудандық «Тоқырауын тынысы» газетінің тілшісі М. Мүтәліп қатысты.

Ақтоғай аудандық сотының төрағасы М.З. Касымбеков 2017 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы туралы баяндады.

2017 жылдың 9 айында 19 қылмыстық іс түсті, 18 қылмыстық іс аяқталды, 1 қылмыстық іс 01.10.2017 ж. қалдыққа қалды.

2017 жылдың 9 айында санкциялауға қатысты 23 материал қаралды: 5 материал ҚР ҚПК-інің 55 б. 1 б. 1 т. (бас шарасын санкциялауға) қатысты, 13 материал ҚР ҚПК-інің 55 б. 1 б. 15 т. (алуды санкциялау), мүлікке тиым салу 3., жәбірленуші мен куәлардың жауаптарын алдын-ала алу – 2.

2017 жылдың 9 айында барлығы жекеше айыптау туралы 8 шағым түсті, 7 жекеше шағым кері қайтарылды, 1 жекеше шағым бойынша қылмыстық іс қозғалып, ақтау үкім шығарылды.

2017 жылдың 9 айында 144 азаматтық іс және 76 әкімшілік қаралды. Аудио видео таспа арқылы қаралған қылмыстық істер саны – 17., 89,5%. 2017 жылдың 01 қазанына қалған қалдық істер саны – 1, медиация тәртібімен қысқартылған істер -2. Халықаралық конвенция шарттарын қолдану арқылы аяқталған істер саны – 2. 144 азаматтық іс аяқталып, оның 84 –і бойынша шешім  шығарылған.

2017 жылдың 9 айында 28 талап арыз қараусыз қалдырылған, 7 азаматтық іс қысқартылған, 3 азаматтық іс тараптардың өзара келісуі арқылы қысқартылған, 2 іс медиация тәртібімен қысқартылған, 1-іс талап арыздан бас тартуға байланысты, 1 азаматтық іс жауапкердің қайтыс болуына байланысты қысқартылған. 5 талап арыз қайтарылған.

Аудио видео таспа арқылы 101 іс қаралған, 90,0%. Барлық талап арыздар сот кабинеті сервисі арқылы түскен. Қаралған азаматтық істер саны былтырғы жылға қарағанда 1139 іске артты, сондай-ақ шешім шығарылған істер 7439 болса, жеңілдетілген өндіріспен 3096 іс аяқталып отыр, сот бұйрығын шығарумен -4221 іс қаралды.

 2017 жылдың 9 айында түскен 146 талап арыз толық «Сот кабинеті» сервисі арқылы түскен.

 

 

Источник: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі