Алкоголь өнімін-сату үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабы 3 бөлігі бойынша (мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда,      алкоголь         өнiмiн: сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн; этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу) Молодежный кентінің тұрғыныны кінәлі деп танылған.

2017 жылы 8 қыркүйекте сағат 10.30-да азаматша М-ге қатысты алкоголь өнiмiн сату тәртібін бұзуғаны үшін хаттама толтырылды. Сот мәжілісі барысында құқықбұзушы өз кінәсін мойындады, істеген іс-әрекетіне өкінді, хаттамада көрсетілген фактіні растап, 12-ге дейін бөлшек алкоголь өнімін сатуға тыйым салынғанын білмегенін көрсетті.

Сот қаулы заңды күшіне енгеннен кейін 1 айға тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, 15 883 теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жазасы туралы қаулы шығарылды.

Қайнар: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі