Алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотымен аз.Ж-ға қатысты  ҚР ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) қозғалған қылмыстық ісі қаралды.

Бұрын көлік басқару құқығынан айрылған айыпталушы Ж., қылмыстық кодекстің жоғарыда аталған бабымен сотталғандығына қарамастан, орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқару кезінде ЖКП қызметкерлерімен ұсталған.

Сот үкімімен азамат Ж. кінәлі деп танылып, көлік басқаруға байланысты белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3(үш) жыл мерзімге айырыла отырып, 150 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі