«Бөлшектеп сатып алу-сату келісім шартты бұзудың негіздемесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында, Қарағанды облыстық сотының судьясы Ж.М.Егорованың, «Бахус» ЖШС өкілі мен аудандық соттың судьяларының қатысуымен «Бөлшектеп сатып алу-сату  келісім шартты бұзудың негіздемесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Судья А.Б. Парижева өзінің баяндамасында, қазіргі уақытта негізгі нормативтік құқықтық акт, бөлшектеп сатып алу-сату шартына байланысты, қатынастарды реттейтін 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу» туралы заңы болып табылады. Орындалмаған шарттың бұзылған жағдайда, өздерінің құқықтарын қорғау немесе шарт талаптарының жосықсыз орындалуы кезінде, кәсіпкер – сатушы тек сот тәртібімен, сатып алушы-тұтынушының заңсыз талаптарын дәлелдей отырып  жауапкер болуға немесе сатып алушы бұзған өз құқықтарын сақтай отырып сотқа талап қоюшы ретінде мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.

Дөңгелек үстел нәтижесіне сәйкес судьялар пікір алмасып, тақырып аясында өз ұсыныстарын білдірді. 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі