«Бүгінгі гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотында «Бүгінгі гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық сот судьялары, сот қызметкерлері, «ШетКоммунСервис» КМКК қызметкерлері, Шет ауданы мәдениет бөлімінің мамандары, Шет ауданы Агротехникалық колледжінің оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында гендерлік саясаттың басты бағыттары, атап айтқанда отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау талқыланды. Кеңсе меңгерушісі Л.Ж.Тойғанбекова біздің елде қазіргі заманғы гендерлік саясаттың концептуалды базасын қалыптастыру мен дамыту бойынша мақсатты және жүйелік жұмыстың жалғасып жатқанына назарларын аударды.

Кездесудің қорытындысы бойынша гендерлік теңдікке қол жеткізу тұрақты адамгершілік дамуының басты факторларының бірі болып табылатыны жайлы айтылды.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі