Дауды шешу жолдарының жетістіктерін, тараптардың дауларының деңгейін азайтуды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында дауды шешу жолдарының жетістіктерін, тараптардың дауларының деңгейін азайтуды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Қарағанды облыстық сотының судьясы А.А.Даненова, А.Д.Жунусова, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Т.Т.Камалиев, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісі С.М.Шардарбекова, «Халықаралық құқықтық қорғау орталығы» ҚМ директоры О.В.Мажура, «МИР ДОБРА» ҚМ директоры Т.А.Абрамова, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, аудандық сот медиаторлары, сонымен қатар БАҚ өкілдері: «1 Карагандинский» телеарнасы, «Орталық Қазақстан», «Индустральная Караганда» газеттерінің тілшілері қатысты.

Сот төрағасы А.С.Ибраев өз баяндамасында, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, тараптар арасында туындаған дауларды шешудегі тиімділігі мен артықшылығын атап көрсетті. Сонымен қатар, медиация рәсімін қолдануды кеңінен насихаттау қажеттілігін баяндады.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Т.Т.Камалиев, білікті заңдық кеңес беретін, заңгерлер отыратын және медиация сұрақтары бойынша жолдама беретін Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінде медиация кабинетінің жұмыс істеп отырғанын назарға алды. Медиацияны қолдану және енгізу кезіндегі уақытты және қаржыны үнемдеу, екі тараптың талаптарын қанағаттандыру, құпиялылық тиімділіктерін баяндады.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша медиацияны барлық бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау бойынша, сонымен бірге орындалған жұмыстың нәтижелерін жарықтандыру қажеттілігі туралы міндет қойылды.

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі