Егіндібұлақ селосының №5 орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ш.Т.Жаманкулова Егіндібұлақ селосының №5 орта мектебінің оқушыларымен дәріс өткізді.

Ш.Т.Жаманкулова жасөспірімдер арасындағы қылмыстық статистиканы жариялап, құқық қорғау және мемлекеттік органдармен қылмыстың алдын алу үшін қабылданған шаралар туралы айтып өтті. Оқушылар «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау аясында сот жүйесінің жаңғыруы, жаңа ӘҚБК пен жаңа қылмыстық заңнама нормаларының енгізілуі туралы ақпарат алды.

Оқушылардың мүдделі сұрақтарына, жауап берілді.

Источник: 
Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі