Халықпен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынының төрағасы Ш.К.Сисимбаев Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының медиа-жоспарына сәйкес қылмыстық сот процесін нығайту жөнінде ақпаратты және басқа да құқық қорғау органдарының жұмысы туралы халықпен кездесу өткізді.

Шарип Сисимбаев: «2014 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен еңгізілген «Сот кабинеті» халыққа сот ақпараттарына қол жетімді болуы үшін қамтамасыз етілген негізгі электрондық сервис. Бұл сервисті қолданушылар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа талап арыздар, өтініштер, шағымдар және жүгінулер, қарсы талаптар жолдауға мүмкіндік алды. Сотқа жолданатын электрондық құжаттардың бланк үлгілеріне сәйкес, қолданушалардың уақытын ғана үнемдемей, сонымен қатар материалдық ресурстарын үнемдеуге мүмкіндігі бар»-деп атап өтті.

Сонымен қатар,  сот залдарында бейне дыбыс жазылым қондырғылары түгелімен орнатылып, сот отырыстарының едәуір ашықтыққа, қол жетімділікке ықпалын тигізді. Сот жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңашылдық сот отырысына қатысушыларды тәртіпке тәрбиелеп ғана қоймай, шағымдар, өтініштер түскен жағдайда процессуалдық талаптарының сақталуын тексеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ сот отырысының уақытылы басталуын қадағалайды. Сот отырысының қатысушылары «Сот кабинеті» сайтындағы орталықтандырылған сақтау жүйесі арқылы сот мәжілісінің жазылымдарын көре алады.

Источник: 
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі