«Істерді автоматты түрде бөлу» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық сотында «Істерді автоматты түрде бөлу» тақырыбында семинар өтті, семинар сабаққа соттын кеңсе мамандары қатысты.

Семинардың мақсаты - «Төрелік» Қазақстан Республикасы сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде істердің тиімді әрі біркелкі бөлінуін қамтамасыз ету.

Бас маман Дауренқызы Д. өз баяндамасында талап арыздарды, арыздарды, материалдарды, шағымдарды, наразалық пен ұсынымдарды автоматты түрде бөлуі Қазақстан Республикасының сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы қылмыстық, азаматтық істер, материалдар және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша істер санатының бірыңғай жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылатына тоқтап, автоматты түрде бөлу төмендегі өлшем шарттарды ескере отырып, яғни істердің, материалдардың санаты (судьяның мамандануы); сот ісін жүргізу тілі; істің күрделілігі жүзеге асырылатынын, істерді автоматты түрде бөлу жалпы тәртіппен жүзеге асырылатынын, жүктемені дұрыс және тиімді  автоматты түрде бөлу үшін «Төрелік» АЖ-да «Е-кадрлар» кіші жүйесінде болмаған судьялар туралы мәліметтер негізінде төмендегі өлшемдер бойынша енгізілетінін айтты.

Семинар сонында кеңсе меңгеруші істерді автоматты түрде бөлу қағидасының ережелерінің қатаң сақтауын айтып, туындаған сұрақтарға жауап берді.

Источник: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі