Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында медиативті келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына талап қоюшы А. «А» АҚ-нан жол көлік апаты салдарынан келтірілген моральдық залалдың орнын толтыру туралы талап қою арызымен жүгінді.

Сот отырысы барысында талаптар бітімгершілік келісімге келді.

Келісу рәсімі нәтижесінде тараптар өзара бітімгершілік келісімді бекітіп: жауапкер «А» АҚ талап қоюшы А.ға моральдық залалдың орнын толтыруға, ал талап қоюшы талаптан бас тартуға міндеттелді.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында бітімгершілік келісім бекітіліп, іс қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі