Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбы бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрағасы А.Ибраев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы семинар сабағын аудандық сот судьяларының және сот мамандарының қатысуымен өткізді.

Семинарды сот төрағасы А.Ибраев ашып: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әр азаматтың, мемлекеттік қызметшінің міндеті. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміз бен демократиямызға нұқсан келтіреді. Сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық мемлекеттік қызметшілер қатысуы қажет, әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс-әрекеттері үшін жауапты емес, сондай-ақ тұтастай ұжымның жұмысы үшін да жауапты.»-деп атап көрсетті.

Семинар сабағының соңында, процеске қатысушылардың іс жүргізуден тыс қарым-қатынаста болуға және сотқа келушілердің тарапынан арандатушылық іс-қимылдарға жол берілмеуі туралы сот мамандарына ескертілді.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі