Қарағанды облыстық соты және Қарағанды облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков және Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков Меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қою салтанатты рәсіміне Қарағанды облысының Қазақстан халықтар Ассамблеясының, Қарағанды облысының Нотариалдық палатасының, «Дауларды шешу орталығы – Сұхбат» Жеке мекеменің өкілдері қатысты.
Өз алғы сөздерінде облыс әкімі Н. Әбдібеков мемлекеттік билік органдарының күнделікті қызметінде маңызды орынға атқару және сот билігінің өзара қарым-қатынасы мәселесі ие. Облыс әкімі қоғамдағы тұрақтылықты және келісімді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың бірлескен күштерімен жасау жөніндегі бастаманы оңынан қабылдады. Н. Әбдібеков бітістіру рәсімдерін белсенді қолданудың жоғары маңыздылығын баса айтты, атап айтқанда кәсіби емес медиация институтын.
Қарағанды облыстық сотының төрағасы М. Әлімбеков та Меморандум Ұлт Жоспарын және VI судьялар съездіндегі сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кең қолдану, сондай-ақ дауларды сотқа дейінгі реттеу және бітістіру рәсімдер институтын енгізуді жан-жақты дамыту туралы мемлекет Басшысының тапсырмасын тәжірибелік жүзеге асыру шеңберінде бекітілгендігін айтты.
Меморандум дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын белсенді енгізу және жан-жақты дамыту бойынша өзара әрекеттесуді нығайту саласында ынтымақтастықтың, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кең қолданудың, алқабилерге кандидаттар тізімін қалыптастыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесуді күшейтудің кепілі болады.
Бекітілген келісім негізінде Қарағанды облысының әкімдігі және Қарағанды облыстық соты үш басым бағыт шеңберінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша бірлескен жүйелі жұмысты бастайды. Олар – Қарағандының аудандық акиматтарында медиация кабинеттерін ашу бойынша, кәсіби емес медиация институтының дамуына үкіметтік емес сектордың өкілдерін және қоғамдағы беделді азаматтарды тарту бойынша.

 

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі