Қарқаралы аудандық сотымен мемлекеттік автоинспекторға үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық сотымен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі 4)тармағында қарастырылған қылмыстар жасағаны үшін Қарқаралы ауданының ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің тіркеу-емтихан тобының мемлекеттік автоинспекторы А.-ға қатысты кінәні мойындау туралы  процестік келісіммен түскен қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

А., лауазымды адам бола тұра, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзып, оның қызметтік өкiлеттiктеріне кiретін әрекеттер үшін жеке тұлғалардан екі мәрте пара алу түрінде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қасақана сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған.

Сот отырысында сотталушы А. айыптау және процестік келісімнің мән- жайы оған түсінікті екенін, онымен толық келісетінін айтты.

Сот А.-ны Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі 4)тармағымен кінәлі деп танып, сотталған адамның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік қызмет саласында қызмет ету құқығынан айыра отырып, параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде 2 100 000 тенге айыппұл жазасын тағайындады.

Мемлекеттік автоинспектор полиция лейтенанты түріндегі арнаулы атақтан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Источник: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі