Кәмелетке толған балаға білім алу кезеңінде алимент өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотында талапкер Т.-ның борышкер Р.-дан кәмелетке толған күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын кәмелетке толған баласына алиментті және оқуға байланысты қосымша шығындарды өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің кәмелетке толғанына және Тюменск қаласының мемлекеттік медициналық университетінде білім алуына байланысты борышкерден оқу мерзімі біткенше ай сайын 13 айлық есептік көрсеткіште өзіне қосымша кірісті өндіріп беруін сұраған.

Сот туу туралы куәлікке сәйкес борышкердің шынында оның әкесі екенін анықтады. Тюменск қаласының мемлекеттік медициналық университетінің анықтамасына сәйкес, талапкер, яғни жауапкердің баласы күндізгі оқу нысаны бойынша оқиды.

Сот талапкердің арызын ішінара қанағаттандырды. Борышкерден талапкердің пайдасына жоғарғы білім жүйесінде оқитын кәмелетке толған баласына 13 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 2017 жылдың наурыз айынан бастап, оқу мерзімі біткенке дейін алимент өндіріп берді.

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі