Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушықтың алдын алу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының төрағасы К.Д.Искакбаев Егіндібұлақ селосындағы Қ.С.Смайылов атындағы №43 мектебінің оқушыларына «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында сот төрағасы  әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормаларына түсініктеме берді, атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде ата – анасыз жүруге тыйым салынатынын және ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын шаралар туралы айтып өтті.

К.Д.Искакбаев оқушыларды мектептегі және басқа да қоғамдық орындағы мінез-құлық ережелерін сақтауға, өзін-өзі дамытуға, моральдық пен отбасылық құндылықтарды басшылыққа алуға және заңдарды қатаң сақтауға шақырды.

Іс-шара соңында мектеп мұғалімдері осындай кездесулердің жас ұрпақты тәрбиелуде үлкен рөл атқаратындығын ескере отырып судьяға алғысын білдірді.

Источник: 
Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі