Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сот әкімшілік қамаққа алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының №2 Аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 440 (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бабының 4 бөлігі бойынша құқықбұзушы Ш.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісі қаралды.

Құқық бұзушы Ш., қоғамдық орынға мас күйінде келу арқылы адамгершілік құндылықтар мен қоғамдық өнегеге нұқсан келтірген, жыл бойында екі рет қоғамдық орындарда ішімдік ішіп және мас күйінде көрінген.

Сот қаулысымен құқықбұзушы 3 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Источник: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз орталығы